Орталық миссиясы

Тілді меңгертуде инновациялық технологияларды қолдану арқылы Шығыс Қазақстан облысының ересек тұрғындарының лингвистикалық капиталын дамыту.

Мемлекеттік коммуналдық мекеме қызметінің мақсаты – мемлекеттік тіл саясаты аясында мемлекеттік және өзге де тілдерді қолдану мен дамыту болып табылады.

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жүргізетін қызмет түрлері:

1. Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік және басқа қызметшілеріне, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметшілеріне, сондай-ақ ересек тұрғындарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту;

2. Оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

3. Оқытушылардың  біліктілігін арттыру мақсатында ересектерге тілдерді үйрету әдістемесі бойынша ғылыми-практикалық семинарлар, курстар, вебинарлар, тренингтер, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.

Орталық туралы

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 

«Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Кәсіпорынның құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі

(бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады.

Орталықтың жалпы жалға алынып отырған жер көлемі: 231,2 м2

Қ. Қайсенов к-сі,121 үй,  «Нұр Отан» ХДП ғимараты – 129,2м2

Тәуелсіздік даңғ. 9/1 ЛТД «Аймақ» ғимараты – 110 м2

Штаттық кесте бойынша – 21 бірлік (11 оқытушы).

Орталықтың орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070004, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов к-сі, 121.

Телефон: 8 (7232) 705-648

Email: sentrgosjaz@mail.ru

Орталық директоры: Шукеева Бақыт Советқызы

Яндекс.Метрика