Banner

Мың шақырымдық жол алғашқы қадамнан басталады...

Егер сізге екі аптада немесе екі айда тілді үйреніп алуға болады десе бұған сенбеңіз. Бұл жалған. Кез-келген тілді үрену үшін көпжылдық табанды еңбек қажет екендігі баршамызға мәлім. Кейде тіл уйренушілердің оқу барысының белгілі бір сатысында оқуды жалғастыруға деген қызығушылықтары төмендеп кететіндігіне таң қалмайсың. Әсіресе, егер де олар басқа тілде өз ойларын жеткізіп сөйлей алмаса, оқу барысында белгілі бір қиындықтар кездессе, атап айтқанда уақыттың жетіспеушілігі, оқу құралдарының болмауы, оқытушыны ұнатпау және тағы басқа «жоқ» дегеннен.Әйтеуір бір уақыттарда бастау керек емес пе?

Қазақ тілін оқыту қарапайым деңгейден басталады.Аталған деңгей, қысқаша сұхбаттармен әңгімелесе алуды, қарым-қатынас жағдаяттары тұрмыстық және әлеуметтік қатынас түрлерімен байланысты болу керектігін көздейді.

Жоғарыда көрсетілген салаларда коммуникативтік құзыреттілікті жүргізу үшін тілдік бірліктер қатарын нақты қолдану қажет. Бұл жаңа сөздерді жаттау, грамматикамен танысу, мәтіндерді оқу және аудару, диктанттар, сұхбаттар, шығармалар, тесттер және т.б.

Бұл тапсырмалардан айналып өтуге болмайды. Тіл оқыту стратегиясын өзгерту мүмкін емес.Сол себепті орталық оқытушылары тіл оқытуда жаңа әдіс–тәсілдермен ерекшеленеді.Бұл дегеніміз сабақта мақал-мәтелдерді, өлеңдерді жаттау, суреттерді сипаттау, фильм мазмұнын, газет материалдары мен телебағдарламалардың мазмұнын айта алу,фильмдерді көру және өзара пікір алмасу,өмірде болған қызықты оқиғаларды және жол сапарларын бейнелеу, түрлі мерекелерге байланысты қазақ тіліндегі құтықтаулардың үлгілері және т.б. Осыған байланысты біз орталықтың методикалық қорын, интернет арқылы оқытуды, сонымен қатар «Учимся говорить по-казахски!» оқыту сайтын қолданамыз.

Кейде орталық тыңдаушылары өзге ортада бөтен адамдармен қазақша сөйлесе алмай қиналып, ыңғайсыз жағдайда қалып қоямын деген психологиялық барьерден өте алмай жататындарын айтады.Әрине, мұндай жағдайда ең алдымен біреудің қолдауы қажет болады.Әйтпесе, тіл үйренуші алған білімін күнделікті өмірде қолданып отырмаса, үйренген тілі бірте-бірте ұмытыла бастайды.Сондықтан да еш ұялмай қазақ тілді азаматтармен сөйлесіп,тілдік ортаға толығымен енуі қажет. Осы мақсатта орталығымызда тілдік лагерь ұйымдастырылған. Мысалы лагерьде тіл үйренушілер оқытушылармен бірге қала сыртына шығып, көшедегі бейтаныс адамдармен қазақ тілінде тілдесіп, өздерін емін-еркін сөйлесуге тырысады.Сондай-ақ, дәріхана, дүкендегі сатушыларымен, автобус кондукторларымен және дәмхана, мейрамхана, автобекеттерде т.б. халыққа қызмет көрсету орындарында қазақша сұхбаттасуға бейімделеді.Сонымен қатар тілге деген қызығушылықты әрдайым ынталандырып отыру қажет.Мұны түрлі әдіс-тәсілдермен іске асыруға болады. Соның ішінде материалдық тұрғыда қызметкердің айлық еңбекақысына қосымша үстемеақы төлеу. Егер қызметкердің кәсіби біліктілігімен қоса мемлекеттік тілді меңгергені болса, мұндай қызметкерге неге қосымша ақы төлемеске. Бүгінгі күні кейбір мекемелерде мұндай ынталандыру қолдауын тапқан. Осы бастамалар басқа мекеме басшыларын қызықтырады деген ойдамыз.

Сіздерге бір қызықты блог ұсынамыз. Бізге блогердің тілді қалай үйрену керек екендігі туралы жазған кеңесі ұнады. Оқыңыздар. Өздеріңізді сынап көріңіздер. Мүмкін қолыңыздан келер.

Қажетті сілтемелер:


Яндекс.Метрика