19150706

        Ағымдағы жылдың 25 қазан күні ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Латын қарпінің ұлт болашағы үшін маңыздылығы» атты ғалымдар мен оқытушылар арасында кездесу өтті.

        Аталмыш кездесу барысында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «қазақ, орыс, филологиясы және журналистика кафедрасының доценті Бияров Бердібек Нұролдаұлы халық назарына ұсынылған жаңа әліпбидің нұсқалары бойынша өз ойларымен бөліссе. «ШҚ лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Сейманова Зайра Заманбекқызы латын әліпбиіне көшудегі ұтар тұстарымызға тоқтала отырып, жалпы бұл қазақ тілін жаңғыру үшін жасалып жатқан шара екендігін айтып өтті. ШҚО бойынша «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Бақыт Маржан Бақытқызы «Латын әліпбиіне көшу туралы жастардың көзқарасы атты баяндамасында: «ақпарат ғасырына айналған XXI компьютер заманында жастарға латын графикасын үйрену соқпайтыны анық»,- деген пікір айтты. Баяндама соңында кездесуге қатысушы ғалымдар, оқытушылар өзара пікір алмасты.

        «Латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады»,- деген ойды «Латын қарпінің ұлт болашағы үшін маңыздылығы» атты ғалымдар мен оқытушылар арасындағы кездесу тағы бір мәрте растады.

Яндекс.Метрика