19328561

           2017 жылдың 25 қазан күні ШҚО сотының қызметкерлеріне қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруге байланысты ақпараттық – түсіндірме жұмысы жүргізілді. Аталмыш  жұмыс  барысында  қазақ жазуының тарихына тоқталып, қазіргі жұртшылық назарына ұсынылған  жаңа латын графикасы бойынша  презентация және бейнебаян көрсетілді. 

           Шара  соңында мекеме қызметкерлерінен сауалнама алынды.  Сауалнаманың мақсаты  қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасы бойынша түсінік беру және  қызметкерлердің  латын әліпбиіне көшуге байланысты ой пікірлерін білу болып табылды.

Сауалнамаға барлығы 22 адам қатысты. Көпшілігі латын әліпбиіне көшуге байланысты оң пкір танытты.  

 

Яндекс.Метрика