19330017

2017 жылдың 7 қараша күні А.С.Пушкин атындағы кітапханада  «ересектерге мемлекеттік тілді оқытуда қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер" атты облыстық семинары болып өтті. Семинардың мақсаты  - ШҚО бойынша ауруханалардағы мемлекеттік тілге жауапты мамандардың біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу.

Аталмыш шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы Сейтказина Рыскуль Сейтбекқызы, ШҚО  денсаулық сақтау басқармасының персоналды басқару қызметінің бас маманы Оралханова Ботагөз Айтбайқызы, аудармашылар, оқытушылар, аудан, қала бойынша ауруханалардағы мемлекеттік тілге жауапты мамандар қатысты.  

Семинар барысында ШҚ лингвистикалық орталығының оқытушылары  қазақ тілінің А1(қарапайым), В1 ( орта) деңгейлері бойынша тәжірибелік сабақтар көрсетті.

 

Семинар соңында барлық  қатысушылар сертифкатпен марапатталды. 

Яндекс.Метрика