19764302

Ағымдағы жылдың 4-ші желтоқсанында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы кезекті «Тілашар» курсын аяқтап, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы тыңдаушылары арасында «Өскемен қаласына саяхат» атты қорытынды сабағы болды.  Сабақты  орталықтың оқытушысы Нуржанова Қарлығаш Маулетханқызы өткізді. 

Тыңдаушылар үш ай көлемінде меңгерген білімдерін, диалогтық қарым-қатынасқа түсе білетіндерін, өз қаласына деген мақтаныш сезімдерінін көрсетті.

Тыңдаушылар Семейден келген құрбылары Аннаға Өскеменнің керемет орындарын көрсетіп, табиғатын суреттеді. Ауызекі сөйлеуге дағдыланып қалғандарын байқатты. Сабақ соңында орталықтың әдіскері Мурсалимова Арай Белгібайқызы «Тілашар» курсын аяқтаған тіл үйренушілерді құттықтап, салтанатты түрде куәліктерін табыстады.

 

         Тыңдаушылар өз оқытушыларына, тіл үйрету орталығына алғыстарын білдірді. 

Яндекс.Метрика