19764403

       2017 жылдың 8 желтоқсанында  ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ШҚО тіл оқыту орталықтарының оқытушыларына арналған вебинар өтті. Бұл шараның мақсаты:

 

       ҚР Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілін қашықтықтан оқытуға кеңінен қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыра отырып, қазақ тілі оқытушыларының біліктіліктерін арттыруға бағытталған іс-шаралар үлесі  2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 90% -ға жеткізу қажеттігіне сәйкес инновациялық оқыту әдістемелерін жетілдіру арқылы тіл оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру.

          Вебинардың І бөлімінде Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары санатты мұғалімі, тренер Гүлнар Кеңесбекқызы Ахметқалиева «Қазақ тілін оқыту: инновациялық әдістер, тәсілдер» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Оқытушылардың назарына 20 шақты инновациялық әдіс-тәсілдер ұсынылып, оқытушылар топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында, ұсынылып отырған әдістерді өздері өз сабақтарында қай деңгейде қандай әдіс-тәсілдерді қолданады және қалай қолдануға болатынын көрсете алды. Тренер сонымен қатар интернет желісін сабақтарда тиімді пайдалану, тіл үйренушілерге арналған  тапсырмаларды құрастыру, жазылым әрекеті бойынша   түсіндіру жұмыстарын таныстырып өтті.  Гүлнар Кеңесбекқызының шеберлік сыныбы өте мазмұнды болды. Барлық  вебинарға қатысушылар осындай іс-шаралар жиі өткізіліп отырса деген тілектерін білдірді.  Гүлнар Кеңесбекқызының ұстаздық еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз!

 

Вебинардың ІІ бөлімі 14 желтоқсанда жалғасады.

Яндекс.Метрика