19807124

2017 жылдың 14 қарашасында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының аудан, қала тіл оқыту орталықтарының оқытушыларына арналған  вебинардың 2 бөлімі өтті.

Бұл шараның мақсаты : ҚР Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілін қашықтықтан  оқытуға кеңінен қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыра отырып, тіл оқыту орталықтары оқытушыларының  біліктілігін арттыру.

 

Вебинардың 2 бөлімінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті,филология ғылымдарының кандидаты Айтмұқашева Аида Айтмұқашевна қазіргі қазақ тіліндегі орфографиялық заңдылықтардың өзгерістеріне тоқталды. Тренер сонымен қатар сөздердің  дұрыс жазылу   ерекшеліктеріне, орфографиялық нормаға сәйкестігін тәжірибе жүзінде оқытушылармен талдап көрсетті. Аида Айтмұқашевнаның  шеберлік сыныбы тіл оқытушыларына өте өзекті болды.

Яндекс.Метрика