20283418

2018 жылдың 10-15 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығына қазақ тілі курсына тартылған тыңдаушылар «Ересектерге мемлекеттік тілді оқыту» бағдарламасына сәйкес аралық сынақ тартылды. Аталған сынаққа облыстық басқармалар мен департаменттерден, барлығы  179 тыңдаушы қатысты.

Сынақ ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделініп алынды. Тіл үйренушілердің тыңдалым, оқылым, сөйлесім және жазылым әрекеттері бойынша білім, білік, дағдылары тексерілді.

Сынақ барысында тыңдаушылардың өз ойларын толық жеткізіп, сауатты жазу дағдысының қалыптасқанын, ҚАЗТЕСТ жүйесінің аталған 5 әрекеті бойынша өз білімдерін жақсы көрсете білген басқармалардың қызметкерлері анықталды. Тоқтала кетсек, ШҚО білім, жер қатынастары, мемлекеттік еңбек инспекциясы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармалары.

Сондай-ақ, сөздік қоры аз, сауатты жазу дағдысы нашар, мәтінді тыңдағанда мазмұнын бірден түсіне алмайтын тыңдаушылар да кездесті.  Орталық оқытушыларына алдағы уақытта осындай тыңдаушыларға тілді меңгерту бағытында көбірек жұмыс жасау керектігі айтылды.

 

Аралық сынақ нәтижесі бойынша тыңдаушылардың жалпы тіл меңгеру деңгейі 74 пайызды құрады.

Яндекс.Метрика