21212671

      2018 жылдың 30 наурызында ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен  облыстық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауы өткізілді. Ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби шебер оқытушыларды анықтау мақсатында өткен  байқауға  облыстағы тіл оқыту орталықтары оқытушылары қатысты.

      Байқау шарты бойынша қатысушылар 3 кезеңде  бақ сынасты.   І кезеңде электрондық портфолио қорғаса, І кезеңде педагогикалық-психологиялық жағдаяттық тапсырмаларға жауап берді. Қорытынды ІІІ кезеңде қатысушылар  сабақ үлгілерін көрсетті.

         Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Аменова Айнаш жеңіп алып, республикалық байқауға жолдама алды. І орынды ШҚ лингвистикалық орталығының оқытушысы Абилмажинова Ләйла,  ІІ орынды Риддер қаласы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Садықова Құралай иеленсе, ІІІ  жүлделі орынды Семей қаласы  тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Қалиева Бақытгүл мен Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Темирбекова Айнаш бөлісті.

 

         Жеңімпаздар  ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының дипломымен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын жүлделі орындарымен құттықтаймыз.           Республикалық байқауға жолдама алған Аменова  Айнашқа  облыстың намысын ойдағыдай қорғап шығады деп сенім білдіріп , сәттілік тілейміз.

Яндекс.Метрика