21270714

 

 

         2018  жылдың 2 сәуірінде ШҚО бойынша тілдерді оқыту орталықтары арасында  «Шығыстың ұлы тұлғалары» атты айлық басталды. Онлайн-режимінде өткен   ашылу рәсіміне облыстың аудан, қалаларындағы 12 тіл оқыту орталығы қатысты. Аталмыш шараның салтанатты ашылуымен ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы Қалиғазина Сәуле Сағидоллақызы құттықтап, айлықтың сәтті өтуіне тілек білдірді. Айлықтың мақсаты:  халықта есімдері кеңінен тараған шығыстың ұлы тұлғаларын ұлықтау, зерделеу және насихаттау.

 

         Аталған айлық аясында оқыту орталықтарының базасында 30-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Түрлі ғылыми-танымдық, әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, көркем сөз оқулары, байқаулар, ашық сабақтар ұйымдастыру көзделіп отыр. 
Атап айтқанда: 3-6 сәуір аралығында
«Оралхан Бөкей – көркем  сөздің құлагері» тақырыбында ақпараттық лездеме, 10 сәуір күні барлық тіл оқыту орталықтарында «Мемлекеттік қызметтегі тіл шеберлері 2018»атты мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында байқау, 11 сәуірде Бородулиха ауданында, 16 сәуір Көкпекті ауданында т.б. аудандарда дөңгелек үстелдер өткізіледі. 20 сәуір Ұлан ауданында
«Қ.Қайсенов оқулары» көркем сөз оқу кешін, 24 сәуірде Катонқарағай ауданында «Рухты қалам, табанды талант» әдеби-сазды кеш өткізеді. 11 сәуірде ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен қала тұрғындары арасында «Сіз мына тарихи тұлғаларды танисыз ба?» тосын сауал шарасын, 2 мамырда «Шығыстың батыр тұлғасы» тақырыбында Қ.Қайсеновтің туыстарымен кездесу өткізу жоспарланған. Айлық Семей қаласында өтетін «Шығыстың ұлы тұлғалары» ғылыми-танымдық кешімен қорытындыланбақ.

Яндекс.Метрика