21331212

 Тіліміздің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін көтеру және мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, беделін арттыру мақсатында, 2018 жылдың 10 сәуірі күні «Шығыстың ұлы тұлғалары» атты облыстық айлық аясында «Мемлекеттік қызметтегі тіл шеберлері - 2018» атты мемлекеттік және Акционерлік қоғамдардың қызметшілері арасында  байқау өткізілді.

Байқауға ШҚО жер қатынастары, ШҚО еңбек инспекциясы, ШҚО білім басқармасынан; ШҚ өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану, ШҚО бойынша кірістер департаменттерінен, «Кегок» АҚ қызметкерлер қатысты. 

«Мемлекеттік қызметтегі тіл шеберлері - 2018» атты байқауы ІІІ кезеңге бөлініп өткізілді. 1- кезең «Жазба тіл шебері» жазбаша аударма, 2-кезең «Сөз шебері» ілеспе аударма, 3-кезең «Қиыннан қиыстырар ер данасы» шешендік өнері.

Байқау соңында жеңімпаздар марапатталды.

1 орын. Жұматай Айдос - ШҚО бойынша кірістер департаменті.

2 орын. Садықова Дана - ШҚО білім басқармасы

2 орын. Жапарова Әмина Бурканқызы  - ШҚ өңіраралық геология және жер  қойнауын пайдалану департаменті

3 орын. Қуанышева Эльвира -  ШҚО жер қатынастары басқармасы 

 

3 орын. Қарнақбаева Ақзер Ибрагимқызы – ШҚО еңбек инспекциясы басқармасы.

Яндекс.Метрика