21388128

     13 сәуір күні Шығыс  Қазақстан лингвисткалық орталығының ұйымдастыруымен латын әліпбиін қоғамға насихаттау, қолданысын кеңейту,  латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыр, шеберлік сабақтар арқылы  тіл оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында «Жаңғыру жазудан басталады» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. 

 

      Семинарда  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Білім беру сапасы мен басқару кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Сейлхан Айгүл Қауатайқызы «Латын графикасына  көшудің болашағы», С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының   аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты  Сейпутанова Айымгүл Қамзақызы «Әлем өркениетіндегі латын графикасының орны»  деген тақырыптарда баяндама жасады.  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидатыЗайсанбаева Гүлнар Нығметқызының «Латын әліпбиін үйренейік» атты  шеберлік сабағы көпшілік көңілінен шыға білді.     

             Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес тілдік таңбаны ауыстырудағы ғылыми мәселелер жан-жақты талданды. Соның ішінде латын әліпбиінің соңғы ұсынылған үлгісі сарапқа салынды. Аталған мәселелерге қатысты қалың бұқараға үгіт-насихат және түсінік жұмыстарының сауатты түрде жүргізу қажеттігі ерекше айтылды. Латын әліпбиіне көшудің тиімді жолдарын, жұмыс барысында кезігетін түрлі қиыншылықтарды, осы мақсатта атқарылатын іс-шараларды және т.б. өзекті мәселелерді сөз еткен жиын келелі мәселелердің түйінін тарқатты.

Яндекс.Метрика