21388179

        Сәуір айында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен  Өскемен қаласы тұрғындары арасында «Тосын сұрақ» сауалнамасы жүргізілді.  «Тосын сұраққа» шығыстан шыққан тарихи 5 тұлға: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Оралхан Бөкей, Қасым Қайсенов, Әміре Қашаубаев, Мұхтар Әуезов аталарымыздың портреттері ұсынылды.

         «Шығыстың белгілі тұлғалары» айлығы аясында өткізілген бұл қызық та тосын сауалға жауап беруге халық асықпады. Біреуі - телевидение адамдарын көрген бетте теріс айналып өтсе, кейбіреуі үнсіз өте берді. Бірақ, «Есік алдында төбе болса, ерттеп қойған аптен тен. Ауылыңда қария болса, Жазып қойған хатпен тең » дегендей үлкен ағаларымыз бен әжелеріміз белсенділік танытты. Шығыс тұлғаларынын түрін түстеп, атын атап тіпті, өлеңдерінен де үзінді оқығандар болды. Тосын сауал қыза түсті, бір отбасы түгел қатысып, жұртшылықты таң қалдырды.

 

     Шығыс Қазақстан облысы өңірінен шыққан ғұламаларды, батырларды, атақты адамдарды дәріптеу, тарихи тұлғаларды насихаттау арқылы жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында осындай іс-шаралар болашақта өз жалғасын таба бермек. 

Яндекс.Метрика