21445030

        Биылғы жылы өлкеміздің танымал ірі тұлғаларының бірі, ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) туғанына 160 жыл толады.
      Осы айтулы мерейтойға орай А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастырумен 2018 жылы 19 сәуір күні Шаһ-Керім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.  Облыстағы тілдерді оқыту орталықтарында өткізіліп жатқан «Шығыстың ұлы тұлғалары» атты  айлықпен тұспа-тұс келген бұл шараға ШҚ лингвистикалық орталығының оқытушылары және оқыту курсына оқуға тартылған мемлекеттік қызметшілер қатысты.

     Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтауды мақсат еткен  мәдени шарада кітапхананың өлкетанушысы З.Мұхатарханқызы мен «Тастүлек» жас ақындар мектебінің жетекшісі, ақын Г.Зұлқаршын  Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығының беймәлім беттерінен ақпараттармен бөлісті.

        Кеш барысында ақынның философиялық ойлары туралы Семей қаласындағы «Шәкәрімтану» орталғының директоры Ақмарал Төлеуғазықызының бейнежолдамасын көрсетілді. Шәкәрім әндерін тұңғыш орындаушылардың бірі – Ә. Қашаубаев атындағы филормония әншісі Келденбай Өлмесековтің орындауындағы Шәкәрім әндері үнтаспадан тыңдатылды. Сондай-ақ, жерлес әншіміз Г.Қайырбекова Ш.Құдайбердіұлының бірнеше әндерін орындап, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.
         Ақын ұрпағына рухани азық боларлық мұра қалдырды. Оның қаламынан шыққан көптеген өлең-дастандар, мысалдар, нақыл сөз, проза, қара сөздер, аудармалар, қызықты да аянышты тағдыры туралы зерттеулер кітапхана мамандары дайындаған әдебиеттер көрмесінде ұсынылды.

        Қатысушылар мәденеи шардан үлкен рухани әсер алғандарын айтып тарқасты.

Яндекс.Метрика