21537743

 

        2018 жылдың 23-28  сәуір күндері Шығыс Қазақстан тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облыстағы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерін  ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде диагностикалық, сертификаттық тестілеуден өткізді.

Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ҚАЗТЕСТ жүйесіне басымдылық берілген. Біздің облыс жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламадағы міндеттерді жүзеге асыруға белсене қатысып келеді.

   Өткен тестілеу бойынша  111 адам қазақ тілін меңгеру деңгейін байқап көрсе, 111 белгілі бір деңгейдегі сертификаттық тестілеуге қатысты.

   Сертификаттық тестілеуге қатысқан тестіленушілердің мемлекеттік үлгідегі сертификатқа ие болады деп сенеміз.

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика