21619218

2018 жылдың  2 мамырында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі  басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының  ұйымдастыруымен «Шығыстың ұлы тұлғалары» айлығы аясында Қазақстанның Халық қаһарманы, белгілі жазушы,Ұлы Отан соғысының батыры, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл толуына орай «Шығыстың батыр тұлғасы» атты  әдеби-сазды кеш өткізді. 

Кештің мақсаты:  атақты батыр, партизан–жазушы Қасым Қайсеновтің ардақты есімін дәріптеп-ұлықтау, жас ұрпақтың есінде мәңгі сақтауға арналды.

Аталған шараға батыр атамыздың туған-туысқандары мен зиялы қауым өкілдері шақырылды. Асубұлақ кентінде тұратын інісі Рақым ата мен оның қызы Раиса Рақымқызы батырдың балалық шағы, мінезі туралы, естеліктерімен бөлісіп, көрермендер қойған сауалдарға жауап берді. 

Облысымызға танымал журналист  Айтмұхамбет Қасымов ағамыз Халық қаһарманы, партизан-жазушы туралы   өз естеліктерімен бөлісті.

«Қасым» көркем фильмінде Қасымды сомдаған астаналық Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрының актері Қуандық Қыстақбаевқа ұжым атынан арнайы онлайн байланыс арқылы сауалдар қойылды Кеш барысында Қасым Қайсеновтің ерліктері жайында сөз қозғалды.

«Ер есімі-ел есінде»- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, аналар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Яндекс.Метрика