21762343

2018 жылғы 3 мамырында Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Шығыстың ұлы тұлғалары» атты ғылыми-танымдық кеш өтті.

Шараның мақсаты: Шығыс өлкесінен шыққан тұлғалардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеп таныпбілу. Рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтап, насихаттау. Облыс көлемінде өткен айлықты қорытындылау.

Аталған шараға мемлекеттік қызметшілер, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, студенттері және аудан, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары қатысты.

Кеш басында тұлғалардың өмірімен таныстыру мақсатында қонақтар М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің мұражайын аралады.

Кеш барысында Семей қаласының филология саласының ғалымдары мен мұражай мамандары Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов және Әміре Қашаубаев сынды тұлғалар туралы баяндама жасады.

Кеш соңында жас ақындар және әншілер ұлт зиялыларына арнаған өлеңдерін тарту етті.

Шара соңында «Шығыстың ұлы тұлғалары» атты облыстық айлықты өткізуде жауапкершілікпен ат салысып, белсенділік танытқан тілдерді оқыту орталықтарының ұжымы, жоғарыда аталған тұлғалардың еңбегін насихаттауға қосқан үлесі үшін бірнеше ұлтжанды азаматтар, Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы директорының алғыс хатымен марапатталды.

Яндекс.Метрика