21863492

        23 мамыр күні ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпбиге көшудің ғылыми-ұйымдастырушылық мәселелері» атты семинар-кеңес өткізілді.

         Мақсаты – қазақ тілінің латын графикасына көшудегі маңыздылығын            қоғамға насихаттау, қолданысын кеңейту, ана тіліміздің жаһандық      ғылым          мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ету.

Семинар-кеңесте «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Білім беру сапасы мен басқару кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Сейлхан Айгүл Қауатайқызы «Жаңа әліпби – рухани жауғыруымыздың жарқын көрінісі», Қазақстан-Американ еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрланова Асем Нұрланқызы «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің лингвистикалық аспектілері» тақырыбында, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әлімхан Айгүл Әсетқызы «Латын графикасына ауысудың маңызы мен қажеттілігі» тақырыбында баяндама жасады. Бородулиха мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Ильяшева Гүлмира Бақдәулетқызы «Заман талабынан қалмайық!» шеберлік-сабағын көрсетіп, практикалық жұмыс жүргізді. Семинар соңында ШҚ лингвистикалық оқыту орталығының оқытушысы Әбілмажинова Ләйлә Қазезбекқызы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызының онлайн-бейне сабағымен таныстырып, пікір-алмасу жүргізді. 

Яндекс.Метрика