22029400

 

2018 жылдың 31 мамыр күні қазақ тілін үйренуге ниет білдірген Өскемен қаласы әкімдігінің «Нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешенінің» қызметкерлері «Тілашар» курсын сәтті аяқтады. Курс екі топ тіл үйренушілеріне  жүргізілді.

Курс соңында қорытынды  ашық сабақтар өткізіліп,  тіл үйренушілер өздерінің күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданатын ауызекі  сөйлеу дағдыларын еркін көрсете білді. Сонымен қатар актерлік шеберліктерін де сынады. Бірінші топ «Сиқырлы көктем» атты ертегісін көрсету арқылы, сахнаның сәнін келтірген болса, екінші топ «Бар мейіріміміз балаларға» атты саяхат сабағын жетік және жоғары дәрежеде өткізді.

Шара соңында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Шукеева Бақыт Советқызы курс барысында белсенділік танытқан тәрбиешілерді орталық басшысының атынан Алғысхатпен марапаттап, куәліктерді табыс етті.

Мектеп-балабақша директоры курсты өткізген әдіскер-оқытушы Мурсалимова Арай Белгібайқызына және оқытушы Мамыранова Асем Даулетқызына алғысын білдірсе,  тіл үйренушілер білімдерін әрі қарай шыңдауға ниет білдірді.

Яндекс.Метрика