22733252

2018 жылдың 1 тамызында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі негізіндегі жаңа емле ережелері жобасының сынама сауалнамасы» атты шара өтті.  Облыстық шарада Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымы Ж.Смағұлов жаңа әліпби бойынша ғылыми тұрғыдан ақпараттық, танымдық дәріс жүргізсе, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшысы С.Сапина семинарға қатысушылармен сынама жұмысын жүргізді.

         Сынаманың мақсаты – Өскемен қаласының  мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелеріндегі қазақтілді әртүрлі сала қызметкерлері арасында сауалнама өткізу арқылы жаңа емле ережелер жобасын әзірлеу барысында туындаған мәселелердің тиімді жолдарын анықтау. Шараға мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, тіл оқыту орталықтарының оқытушылары, балабақша тәрбиешілері, Өскемен қаласының кітапханаларының қызметкерлері, әскери қызметкерлер қатысты. Қатысушылар кейбір көпшілікті толғандырған таңбалар төңірегінде ойларын білдіріп, ұсыныс жасады. Сынамадан өтушілердің жалпы саны – 150-ден астам адамды құрады.

Яндекс.Метрика