23427387

Қазтест-тің бүгінгі жай-күйі, құрылымы, халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерімен байланысы, тілдік білімді бағалаудағы рөлі» атты облыстық семинар туралы ақпарат

 

2018 жылдың 10 қыркүйегінде ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен ШҚ лингвистикалық орталығы, Казтест ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып, «Қазтест-тің бүгінгі жай-күйі, құрылымы, халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерімен байланысы, тілдік білімді бағалаудағы рөлі» атты облыстық семинар өткізді.

Семинарда Ұлттық тестілеу орталығының  ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Мұхаметқали Мәншүк Мұхаметқалиқызы дәріс оқыды. Тілді меңгеру деңгейін анықтайтын Қазтест жүйесінің жаңа форматының жобасымен таныстырып, оқытушыларды толғандырған сұрақтарға  жауап берді.

Қазтесттегі негізгі үш блок  бойынша сұрақ сандарының азайып, айтылым  бөлімінің қосылғандығын айтып өтті.

Семинарға тіл оқыту орталықтарының әдіскерлері, оқытушылары, тіл мамандары қатысты. Семинар соңында  қатысушыларға сертификат табысталды.

Яндекс.Метрика