24668794

Тәуелсіздікке ізгі тілек

          Елім ерлігін көрсетіп, елдігін танытқанына  биылғы  жылы 27 жыл толды. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік  мерекесіне орай  Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі  басқармасының Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығы  мемлекеттік қызметкерлер арасында 2018 жылдың  6  желтоқсанында  «Тәуелсіздікке ізгі тілек» атты облыстық  сайыс өткізді. Елбасы  осы жылдың ақпан айында бекіткен  жаңа латын қарпі бойынша игі тілектерін көркем сөзге сөзбен өрнектеп жүйріктігін  орта, ортадан жоғары  деңгейлерді меңгерген тіл үйренушілер танытса,   қазақ тілінің базалық  деңгейін меңгерген тыңдаушылар кириллица  әліпбиімен  ақ тілектерін білдірді. Аталмыш сайысқа облысымыз бойынша  236  мемлекеттік қызметкер  қатысуға ниет білдірді.  14 желтоқсан күні сайыс жеңімпаздары анықталып, үздіктері марапатталды.

         Сайыс нәтижесі бойынша Бас жүлдені ШҚО бойынша кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының  қызметкері Нұрсоветов Біржан Ерланұлы жеңіп алса, сайыстың ережесіне сәйкес бірінші орынды екі адам ШҚО прокуратурасының қызметкері Муратов Нартай  мен Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы  Асанова Гүлназ  жеңіп алды.  Екінші орынды  Зырян аудандық әкімдігінің  тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Фаизов Эрнес, Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Бодаубаева Құндыз, Глубокое ауданы тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Идрышев Елдар жеңіп алды. Ізгі тілек білдіруде жүлделі үшінші орынды Семей қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығының тыңдаушысы Чикишева Алина, Ұлан ауданы тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Оспанова Сәния және   Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Какимов Айбек  иеленді. Сайыстың нәтижесі бойынша  жүлделі орындармен қатар, «Тәуелсіздік – тұғырым»,  «Менің Қазақстаным»,  «Тәуелсіз елім - тірегім»   номинациялары бойынша  жеңімпаздар марапатталды.   Жүлдегерлер мен  номинация жеңімпаздарына  ақшалай сыйлық табыс етілді. Еліміздің дамуы мен гүлденуіне атсалысып, қызмет етіп жатқан қызметкерлерге ел тәуелсіздігі мерекесіне өздерінің ақ тілектерін білдіргендері үшін алғыс айтып, еңбектеріне жеміс, зор табыс тілейміз. 

 

 

Яндекс.Метрика