24729260

Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында өткен

 

«Үздік электронды портфолио» конкурсы 

2018 жылдың  24 желтоқсанында ересектерге мемлекеттік және ағылшын тілін оқытып жүрген оқытушылар қызметінің сапасын, жетістіктерін, кәсіби өсу деңгейін анықтау мақсатында «Үздік электронды портфолио» конкурсы өткізілді.

         Конкурс талабы бойынша портфолионың құрылым ерекшелігі, материалдарының ғылымилылығы, әдістемелік құндылығы, ақпараттардың толықтығы мен нақтылығы, эстетикалық, мәдени көрінісі, орындалу сапасы  ескерілді.

Конкурсқа қатысқан орталық оқытушылары өз жұмыстарын қорғау барысында  интерактивті презентациялар дайындауға арналған Prezi, Wix.com сайт жасау, Power Point электронды бағдарламаларының толық мүмкіншіліктерін пайдаланудың жолдарын көрсете білді.

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылды. Конкурс қорытындысы бойынша І орынды Иманкенова Жансая Мұратқызы, ІІ орынды  Абылкасова Нұрдана Қайратқызы, ІІІ орынды Сейманова Зайра Заманбекқызы  иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Яндекс.Метрика