24906965

2019 жылдың 10 қаңтар күні Өскемен қаласы әкімдігі №62 балабақшасының қызметкерлері қарапайым деңгейге арналған 72 сағаттық «Тілашар» курсын сәтті аяқтады.

         Курс соңында тіл үйренушілер осы аралықта меңгерген сөздік қорларын пайдалана отырып, курсты қорытындылау мақсатында  өткізілген ашық сабаққа белсене қатысты. Саяхат түрінде өткен сабақта тіл үйренушілер түрлі жағдаяттарда ауызекі сөйлеу дағдыларын еркін көрсетті. Қорытынды ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының әдіскері Мурсалимова Арай тыңдаушыларға куәлік табыстады. Шара соңында балабақша директоры Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығына алғыс айтып, тіл үйренушілер тілді ары қарай оқып жалғастыруға ниет білдірді.

Яндекс.Метрика