24991277

Орталықта аралық сынақ өтіп жатыр

Бүгін, 17 қаңтар күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ересектерді оқытудың мемлекеттік бағдарламасына сай ұйымдастырылған курстарға тартылған мемлекеттік қызметшілердің тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында аралық сынақ басталып кетті. Аралық сынаққа облыстық басқармалар, республикалық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Сынақ тапсырмалары Қазтест жүйесі негізінде құрастырылды. Сынақ кезінде тіл үйренушілердің лексика-грамматикалық тест, тыңдалым, оқылым бөліктері бойынша тест тапсырса, сөйлесім бөлігі бойынша олардың сұхбатқа түсу дағдылары тексерілді. Тіл үйренушілер екі аптадан кейін курсты жалғастырады.

Яндекс.Метрика