25370069

Алғашқы біліктілікті арттыру вебинары өтті

 

2019 жылдың 12 ақпанында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығы «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» атты кезекті облыстық вебинар өткізді. Вебинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық әдістері мен түрлерін меңгеруге қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып облыс, аудан, қала оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру, тіл үйретуде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді жолдарымен бөлісу.

Вебинарда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, доцент Мұқанова Қаршыға Қайроллақызы «Қазақ тілін оқыту: дәстүр мен инновация» тақырыбында баяндама жасап, жалпы теориямен таныстырып, Семей қаласының мемлекеттік Медицина университеті, филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жороқпаева Мейрамгүл Досанқызы «Тілді үйретудің белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Жиенбаева Дана Болатбекқызы «Қазақ тілін оқытуда айтылым дағдысын дамытудың тиімді жолдары» тақырыптарында тренинг өткізіп, оқытушыларға тіл үйретуде инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетті.

Вебинарға қатысқан оқытушылар өзге ұлт өкілдеріне тілді үйретуде қолданып жүрген әдістермен бөлісіп, пікір алмасты.

Яндекс.Метрика