25500740

      Бүгінде мемлекеттік тілді үйрену еліміздің әрбір тұрғыны үшінмаңызды қажеттілікке айналғаны сөзсіз. Міне, осы мақсатта Тілдерді дамыту басқармасы ШҚ Лингвистикалық орталығы тыңдаушыларының   арасында байқау  дәстүрлі түрде өтіп келеді.  

        Биылғы жылы да 21 ақпан күні сағат 15.00-де   ШҚО Тілдерді дамыту басқармасы ШҚ Лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында мемлекеттік тілді үйренуші өзге ұлт өкілдері арасында өткен шараға оқуға тартылған басқармалар мен департаменттердің мамандары қатысты. 

          Байқау 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындады.

         Қатысушылардың білімін бағалайтын әділ қазылар алқасының арасында университет оқытушыларымен бірге «Ұлан» шығыс өңірлік қолбасшылығының аға офицері Толыбаева Нұргүл Бекеш қызы тіл үйренушілердің біліміне көңілі толғанын айтып өтті.      

       Байқаудың нәтижесі бойынша бірінші орынды Окатенко Надежда иеленсе, екінші орынға Деш Ангелина, жүлделі үшінші орынға Гребенюк Татьяна ие болды.

     Әділ қазылар алқасының төрағасы Қалиғазина Сәуле Сағидоллақызы байқаудың жүлдегерлерін марапаттап, бұдан да үздік жетістерге жетуге тілектестік білдірді және Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан  мемлекеттік тілді үйренем деушілерге жазғы лагерь мен «Қазақ тілі-шаңырақта» атты үйірмесі жұмыс жасайтынын айтып өтті. 

Яндекс.Метрика