25774782

 

       ШҚО тілдерді дамыту  жөніндегі басқармасы және ШҚ лингвистикалық  орталығының ұйымдастыруымен  2019 жылдың 15 наурыз күні «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» атты эссе жазудан   облыстық байқау өткізілді.

Байқауға  облыстағы тіл оқыту орталықтарына  қазақ тілін оқуға тартылған орта (В1), (В2) ортадан  жоғары деңгейдің 14 тыңдаушысы  қатысты.  Бұл қатысушылардың барлығы да жергілікті жерде өткізілген байқаудың І кезеңінен (іріктеу кезеңі) оза шыққан  қатысушылар.

Байқаудың  мақсаты: ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді дамыту, қолдану аясын кеңейту және мәртебесін арттыру. Сондай-ақ,  тыңдаушылар арасынан өз ойын жаңа қарпінде еркін әрі көркем тілмен жеткізе алатын, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыған, қазақша  сауатты жаза алатын тұлғаларды анықтау. 

Жастар жылы мерекесіне орай тақырыптарда жазылған қатысушылардың жұмыстарын арнайы құрылған сарапшылық кеңес анықтады. Эссені бағалау барысында мәтіннің берілген тақырыпқа сай болуы, мәтінде аталған қандай да бір деректердің  дұрыстығы, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы ескерілді.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлдені  Мамышева Салтанат Нұрбекқызы - Алтай ауданы, І орынды Ешекенова Раушан Черияздановна – Курчатов қаласы, ІІ орынды Қажымқан Нұрсұлтан Қажымұратұлы – Бесқарағай ауданы, ІІІ орынды                                                                                                  Берғалиев Нұрбек Серікханұлы – Риддер қаласы иеленді. 

Жеңімпаздар мен қатысушыларды  ШҚО тілдерді дамыту  жөніндегі басқармасының Тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы  Қалиғазина Сәуле Сағидоллақызы  басқарманың  Алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапаттады.

Яндекс.Метрика