26004507

 

 

2019 жылы 29 наурызда ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ШҚ лингвистикалық орталығы ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби шебер оқытушыларды анықтау мақсатында А.Байтұрсынұлы атындағы облыстық конкурс өткізді.

Сайыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең қатысушылардың бейнетаныстырылымымен танысу басталды, екінші кезең педагогикалық –психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмаларды орындады, үшінші кезең сабақ үлгісінің тақырыбын таңдау арқылы 8-10 тыңдаушыдан құралған аудиторияда сабақ көрсетті.

Жеңімпаз арнайы дипломмен, қатысушылар алғысхаттармен және марапатталды. Облыстық «Үздік оқытушы» конкурсының жеңімпазы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы Асем Мамыранова болды. Жеңімпаз Асем Мамырановаға 2019 жылдың қыркүйек айында өтетін А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық конкурсына жолдама берілді. 

 

Яндекс.Метрика