26633414

Ағымдағы жылдың 13-17 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы  Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде  ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлеріне тест өткізді. Атап айтқанда:  ҚР Қазынашылық департаментінің, ҚР Қаржы министрлігінің ШҚО кірістер департаментінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің,  ШҚО полиция департаментінің,  ҚР ШҚО бойынша тексеру комиссиясының, ШҚО статистика департаментінің, 4470, 44051әскери бөлімдерінің қызметкерлері, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері.

Биылғы тестілеу Бесқарағай ауданынан басталып, Семей, Өскемен қалалары, Үржар ауданында жалғасын тауып, Риддер қаласында аяқталды.

 Ұлттық тестілеу орталығының бекіткен квотасына сай Шығыс Қазақстан облысында 2500 адамды тестілеуден өткізу жоспарланған. Соның ішінде тек Өскемен қаласында 200-ден астам қызметкер  мемлекеттік үлгідегі сертификат алуға ниет білдірсе, диагностикалық тестілеуге 400-ге жуық қызметкер қатысты.    

Шара барысында Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері тестілеудің әділетті, әрі сапалы өтуін қадағаласа, лингвистикалық орталық мамандары тестілеу жұмыстарын ұйымдастыруда белсенділік танытты. Тест нәтижесі маусым айында белгілі болады деп күтілуде.

Яндекс.Метрика