26673981

      2019 жылғы  23 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен    Өскемен қаласында «Жаңа емле: құрлымы мен мазмұны» атты республикалық  шара    латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытуға арналған дәріс- семинары өз жұмысын басталды. Шараның өтуі 2 күнге жоспарлануда.    

        Республика көлемінде  жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін  түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор.

        Дәріс-семинар мақсаты – латыннегізді  қазақ  әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын,  емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.  

       Екі күнге созылатын семинарда тыңдаушыға    қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы,  графикасы мен құрамы,  әріп-фонема арақатынасы,  қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Ересектерге латын әліпбиін үйрету кезінде  мүмкіндіктерін дамытып, білімін толықтырады. Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен  әдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылады.

      Дәріс – семинардың теориялық және практикалық бөлімдерін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалымдары мен мамандары  Мамырбек Гулфар Мәжитқызы,  Сейітбекова Амур Аташбекқызы, Қабылов Сұлтанбек Ерболсынұлы, Жұмаханова Назым Нұрғазықызы және  практикалық бөлімінде Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының тренер-оқытушысы Абилмажинова Лайла Қазезбекқызы мастер-класс  өткізеді.                                   

       Семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері, БАҚ, баспа қызметкерлері  қатысуда.

       Шара соңында қатысушыларға сертификат беріледі.

Яндекс.Метрика