26996491

Бүгін, 19 маусым күні ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы  әскери сала мамандарының арасында  «Ұлы даланың ұлы тілі» атты командалық байқау  өткізді.  

Байқаудың мақсаты – ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді дамыту, қолдану аясын кеңейту және мәртебесін көтеру. Әскери сала қызметкерлерінің тілдік қабілеттерін анықтау, белгілі бір тақырыптар, жағдаяттық тапсырмалар бойынша мәлімет беруін, өз ойын еркін жеткізе алуын байқау, тіл меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру.

Байқау 5 кезеңнен тұрды. Байқауға қатысушылар қазақ тілін қаншалықты меңгергендерін көрсету барысында команда мүшелері танымдық, логикалық және шапшаңдықты қажет ететін тапсырмаларды орындай отырып, өз бақтарын сынады.

Бас жүлдені 27943 әскери бөлімінің «Айбын» командасы, 1 орынды Өскемен қаласының әскери полициясының «Парыз» командасы, 2 – орынды 5518 әскери бөлімінің «Сардар» командасы, 3 – орынды 2034 әскери бөлімінің «Сарбаз» командасы иеленді. Облыстық конкурстың жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. 6699  әскери бөлімінің «Сұңқар» командасының мүшелері ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғыс хатымен марапатталды. 

Яндекс.Метрика