27149268

         2019 жылғы  5-шілде күні сағат 14.00-де ШҚО тілдерді дамыту басқармасы жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен  семинар-тренинг өтті.

         Теориялық және практикалық бөлімнен тұратын семинар-тренингте Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш.Қ. Құрманбаева жаңа емлені меңгерудің әдістемесіне тоқталып, қатысушыларға жаңа емленің ережелері жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, кейбір кирилл әріптері мен шеттілділік сөздердің емлесіне мысал келтіре отырып, қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

       Практикалық бөлімде арнайы курстан өткен оқытушы-тренерлер Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлмира Иляшева кейбір шеттілдік сөздердің жаңа емлесін меңгертудегі  жаңа әдіс-тәсілдерін көрсетсе, Бесқарағай ауданы тілдерді оқыту орталығының директоры Айнаш Аменова төл және кірме сөздердің емле ережелерін тиімді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері бойынша шеберлік сағатын  өткізді. Семинар-тренингке қатысушылар берілген тапсырманы орындай отырып, өздері кездестірген кедергілерді атап көрсетіп, жетістіктері мен кемшін тұстарын толықтыру туралы ұсыныстарын жеткізді.  

       Бұл бас қосудың басты мақсаты –латыннегізді  қазақ  әліпбиінің маңызын, емле ережелерінің құрылымын, әдістемелік мәселелерін кеңінен талқылау, практикада қолдану, жаңа жазуды меңгеру барысында жылдам әрі сауатты жазу және қарқынды оқу дағдысын қалыптастыру.  

Яндекс.Метрика