27716608

Қазақ тілін үйренушілерге тілдік орта қалыптастыру мақсатында 26-28 тамыз аралығында   ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен облыс орталығында «Ойна да күл, қазақша біл» атты  үш күндік  тіл лагері өткізілді. Үш күндік шара аясында «Тілашар» курсына тартылған қазақ тілін үйренушілердің сөздік қорын байытып, курста алған білімдерін шыңдап, тілдік ортаға бейімдеу арқылы тікелей қарым-қатынасқа түсе отырып қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын  арттыра алды.

Лагердің әрбір күні тыңдаушылардың қызығушылықтарына сәйкес әртүрлі тақырыпта өтті. Тіл лагеріне «Феникс» дамыту және бейімделу орталығы, «Экологиялық қауіпсіздік» орталығы «Жастар және балалар ұйымдары ассоцияциясы» сынды үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қысқа мерзімді «Тілашар» курсына тартылған әртүрлі сала қызметкерлері, студенттер, зейнеткерлер қатысты. Қатысушылар орталықтың ұжымына ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да байланыста болатындарын айтып, курстарға жазылып тарқасты.

Яндекс.Метрика