27877834

 

Жаңа ақпараттық технологиялар кең қолданыс тапқан қазіргі уақытта мультимедиалық құралдарды белсенді пайдалану – заман талаптарының бірі. Қазақ тілін  меңгертуде де  ақпараттық технологияны тиімді қолдану оқытушылардың міндетіне айналып келеді.

        2019 жылы 13 қыркүйек күні ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл оқытуда ақпараттық технология мүмкіндіктерін тиімді қолдану» тақырыбында  облыстық вебинар болып өтті.

        Вебинар мақсаты: Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей,оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерінмеңгеруге қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру.

Онлайн режимінде өткізілген бұл жиындақалалық, аудандық тіл оқыту орталықтарының оқытушылары вебинар тақырыбына сай өзекті мәселелерді қозғады.

         Шара барысында Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, сырттай бөлімнің меңгерушісі, филология магистрі Аймуханбетова Гүлназ Ахметқызы «АКТ арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының және Алтай ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушылары Құрманғалиева Гүлнұр Төлеуғазықызы мен Маутиева Зинаида Булатқызы  «Тіл оқытуда STEAM жүйесі бойынша мультимедиялық технологияны тиімді пайдалану», «Аудиовизуалды құралдарды қолданудың маңыздылығы» тақырыбында тренинг өткізіп, өздерінің тәжірибеде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін ортаға салды.   Шара соңында баяндамашылар алғысхатпен марапатталды.

Яндекс.Метрика