27878085

         ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында А.Байтұрсынов атындағы республикалық үздік оқытушылар байқауы өтті. Республикамыздың барлық аймақтарынан қатысқан бәсекеде ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының оқытушысы Әсем Мамыранова үшінші орын алды. Ұлтымыздың рухани көсемінің мемлекеттік тіл саласындағы ғылыми еңбектерін, педагогикалық және әдістемелік мұраларын ұлықтау, тіліміздің қолдану аясын кеңейтуде оқытушылардың еңбегі зор. Ересектерге мемлекеттік тілді оқытуда тың идея мен сандық технологияны меңгерген білімді, іскер, креативті жас маманымыздың алар асуы әлі алда демекпіз!

         Жүлдең құтты болсын, Әсем!

Яндекс.Метрика