27924162

Ағымдағы жылдың 17-24 қыркүйек аралығында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби: емле ережелерінің танымдық-тағылымдық  негіздері» тақырыбында апталық жүргізіледі. Аталған шара  «Қазпошта» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан бастау алды. Акция мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, білім беру қызметкерлеріне жаңа әліпбиді таныстыру,  латыннегізді емле  ережелерінің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған.

Тілдік дилижанс түрінде өтіп жатқан шара барысында ШҚО тілдерді дамыту басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының  оқытушы-тренерлері Абилмажинова Ләйлә Қазезбекқызы мен Қайдарова Ләззат Әскербекқызы қатысушыларға жаңа әліпбиге көшу мәселесіне тоқталып, латын қарпінде оқу жылдамдығы мен жазу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар орындатты. Сонымен қатар қатысушылар латын әліпбиін үйренуге деген құлшыныстарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды.

Яндекс.Метрика