28641713

2019 жылдың 19 қарашасында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен   Үржар ауданының Үржар ауылында «Жаңа әліпбиді меңгеру - прагматикалық қадам» тақырыбында облыстық көшпелі семинар-тренинг өтті. Аталған іс-шараны Үржар аудандық әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков кіріспе сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. ШҚ лингвистикалық орталығының директоры Бақыт Шукеева қазақ әліпбиінің тарихына тоқталып, жаңа әліпбиге  көшудегі басты жаңалықтармен бөлісті. Шараның практикалық бөлігінде оқытушы-тренерлер Ләйла Абилмажинова  мен Ләззат Қайдарова жаңа әліпбидің құрамы мен ерекшеліктеріне, шеттілдік сөздердің жаңаша дыбысталуына тоқтала отырып, оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тренингтер жүргізді. Іс-шараға  мемлекеттік және ішкі істер саласының қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер қатысты. Қатысушылар IT қосымшалары: «Quizziz», «Kahoot» бағдарламаларының көмегімен жаңа емле ережесіне сәйкес әртүрлі тапсырмалар орындап, белсенділік танытты.  Шара соңында қатысушылар жаңа әліпбиге қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, латын қарпіне көшуге қатысты оң пікірлерін білдірді.

Яндекс.Метрика