29037944

25 желтоқсан күні ШҚ лингвистикалық орталығында ересектерге мемлекеттік тілді және ағылшын тілін оқытып жүрген оқытушылар арасында «Үздік электронды портфолио» конкурсы өткізілді. Аталған шара оқытушылар қызметінің сапасын, жетістіктерін, кәсіби біліктілік деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл конкурстың басты ерекшелігі АКТ заманауи технологияларын, яғни веб-сайттардың көмегімен (Wiskom, Prezzi, Google) жасалынған электронды портфолиолармен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісу.  

Қазылар алқасы конкурсқа қатысушыларға әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады. Қазақ тілінің оқытушылары Сәлімжанова Жанар I орынды иеленсе, II орынды Кайдарова Ләззат алды. III орынды ағылшын тілінің оқытушысы Иванова Кристина қанжығасына байлады. Аталған жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Яндекс.Метрика