29186199

 

2020 жылғы қаңтардың оныншы жұлдызында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Латынграфикалы әліпби негізінде емле ережелерін іс-тәжірибеде қолдануды қалыптастыру» тақырыбында  облыстық семинар- тренинг өтті. Аталмыш шараға мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

         Семинар-тренинг ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Төлемісованың кіріспе сөзімен басталды. Іс-шара барысында ШҚ лингвистикалық орталығының тренерлері тақырып бойынша өздерінің тәжірибеде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Ләззат Қайдарова «Жаңа әліпби – жаһандық даму кепілі» тақырыбында дәріс-сабақ өткізді. Сабақ барысында Ләззат Әскербекқызы жаңа әліпбидің құрамымен таныстырып, емле ережесіндегі акутпен берілген дыбыстардың жазылу ерекшеліктеріне тоқталды. Тренер қатысушыларға  Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бір шумақты латынграфикалы әліпби негізіндегі пернетақтадан тергізіп жаттықтырды. Мұндай практикалық жұмыстардың көмегімен жылдам сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру көзделген.

                   Жаңа әліпбидің емле ережесі бойынша шеттілдік сөздерді игерту арқылы сауатты жазуға, көздағдыларын қалыптастыруға бейімдеу, оқылым тапсырмаларын орфоэпия заңдылықтарымен меңгерту, жазылым тапсырмалары барысында қолдағдыларын қалыптастыруға баулу басты мақсат болды, - дейді тренинг өткізіп, тың жаңалықтарымен бөліскен орталық оқытушысы Лайла Абилмажинова.

Жаңа емле ережелері негізінде жазылым, оқылым дағдыларын қалыптастыруды көздеген Жанар Сәлімжанова АКТ құралдарын шебер қолданды.

Шара аясында Өскемен қаласы әкімдігі №100 балабақша-бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі, қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Лиза Слямгалиева семинар-тренингке қатысушылардың атынан ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып,  алдағы уақытта курс өткізуімізді сұрады. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

 

 

Яндекс.Метрика