29618071

        Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні сағат 10-да  Президент 

Қ.К. Тоқаевтың  жаңа қазақ әліпбиін жетілдіруге қатысты  тапсырмасына  орай, ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен  ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындарының  тілші ғалымдары, қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталығының басшылары мен оқытушылары, қаладағы әр саланың тіл мамандары латыннегізді әліпбидің бірнеше нұсқасы бойынша ашық талқылау өткізді.

       Талқылау барысында қатысушылардың басым көпшілігі ұсынылған үш нұсқаны зерделей келе,  тіліміздің төл табиғатын сақтап қалуға  ықпалы зор  «Ә» умляут нұсқасын қолдады. Дегенмен әлі де диакритикалық таңбалардың санын  азайтып, өзгерістер енгізу  керектігін  атап өтті.  

    Талқылау қорытындысы  бойынша қабылданған шешімдер мен ұсыныс-пікірлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетіне жолданатын болады.  

Яндекс.Метрика