29683252

Бүгін 2020 жылдың 20 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен, «Ересек тіл үйренушілерге қазақ тілін оқытуда психологиялық жағдай қалыптастырудың тиімді жолдары»  тақырыбында облыстық вебинар өтті. Аталған шараға облыстық, аудандық, қалалық оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ тілі оқытушылары қатысты. 

Вебинарға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының тренері, филология ғылымдарының магистрі Ислямова Салтанат «Аудиторияның психологиялық ахуалын басқарудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбында баяндама оқып, теориялық тұрғыдан жетік түсіндірді. Ал, Назарбаев Зияткерлік мектебінің әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Мұсатаева Зергүл «Ересек тіл үйренушілерге қазақ тілін оқытуда жағымды орта қалыптастырудың маңыздылығы» атты тақырыпта теорияны практикамен ұштастырып, психологиялық жаттығу, кері байланыс түрлерімен таныстырды. Вебинарға қатысқан тіл оқыту орталықтарының оқытушылары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, баяндамашыларға алғыстарын  білдірді. 

 

Яндекс.Метрика