29825568

2020 жылдың 5 наурыз күні ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы мемлекеттік қызметшілер арасында Абайдың 175 жылдығына орай «Абайдың тілі – адамзаттың рухани қазынасы» атты эссе жазудан облыстық байқау өткізді. Іріктеу кезеңінен оза шыққан қатысушылар байқаудың екінші кезеңінде бақ сынасты. Облысымыздың барлық тіл оқыту орталықтарының қазақ тілі курстарына тартылған орта (В1), ортадан жоғары (В2) деңгейлері бойынша 14 тыңдаушы қатысты.

Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік тілді жаңғырту, тіл мәдениетін одан әрі арттыру және дамыту. Сонымен қатар, тыңдаушылар арасынан өз ойын еркін әрі көркем тілмен жеткізе алатын, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыған, қазақша сауатты жаза алатын тұлғаларды анықтау.

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұсынылған тақырып бойынша қатысушылардың проза жанрында жазылған жұмыстарын арнайы сарапшылық кеңес анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қатонқарағай ауданынан келген тыңдаушы Әділбек Қуаныш Қабидоллаұлы иеленсе, І орынды Бесқарағай ауданынан келген тыңдаушы Қажымқанова Айгерім Қажымұратқызы, ІІ орынды Алтай ауданынан келген тыңдаушы Минан Бижан, ІІІ орынды Курчатов қаласынан келген тыңдаушы Бодаубаева Құндыз Рамбайқызы қанжығаларына байлады.

 

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. 

Яндекс.Метрика