29828797

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тіл білімі институтының ғалымдарына латыннегізді әліпби бойынша  жіберілген кемшіліктер мен ескерілмеген мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық сүйемелдеу жұмыс топтары бекітілген әліпби және оның емле ережелері бойынша бірталай жұмыстар атқарды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары М. Әшімбаевтың әліпбиді жетілдіру жұмыстарын қорытындылау сатысындағы жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2020 жылғы 5 наурызда республика көлемінде жаңа әліпби жобасы бойынша ашық талқылаудың екінші кезеңі өтті.

Осыған орай, ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында ашық талқылау өтті. Аталған шараға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың доценті, ф.ғ.к. А.Ә. Әлімхан, ф.ғ.к. Б.Н. Бияров, ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ШҚО филиалының доценті, ф.ғ.к. А.Қ. Сейлхан, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Т.К. Мұрсәлімов, доцент, ф.ғ.к. С.Е. Қалиева сияқты филолог ғалымдар, әдіскерлер, тіл мамандары  және аудандық, қалалық  тіл оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушы-тренерлері қатысты.

Ашық талқылау барысындағы ғалымдардың ұсыныс, пікірлері  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетіне жолданады.

 

Яндекс.Метрика