30903239

2019-2020 оқу жылында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың қабырғасында ҚХР–дің Шихэцзы университетінен 7 студент білім алды. Шетелдік студенттер орыс тілін үйренумен қатар, қонақжай қазақ халқының  мәдениеті және дәстүрімен танысты. Оқу жылын ұмытылмас әсермен аяқтаған студенттерге ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығының директоры Бақыт Шукеева  орыс тілінің В2  деңгейін меңгергендігін растайтын сертификаттар берді. Оқуды сәтті аяқтағаны жөніндегі  сертификаттарды  оқу орнының ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры Олег Гавриленко салтанатты түрде табыс етті.

Яндекс.Метрика