30905000

2020 жылдың 29 мамырында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ШҚ лингвистикалық орталығы ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген оқытушылар арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауын өткізді. Байқауға облыстық, қалалық, аудандық тіл оқыту орталықтарының 23-40 жас аралығындағы оқытушылары қатысты. Байқауды басқарма басшысының м.а. Р.Төлемісова алғысөзбен ашып,  қатысушыларға сәттілік тіледі.

Облысымыздағы карантинге байланысты байқауға Курчатов қаласы және Көкпекті ауданы тіл оқыту орталықтарының оқытушылары онлайн қатысты.

Төрт кезеңнен тұрған бұл байқауда әр қатысушы өзінің инновациялық әдістемелерімен бөлісіп, қазақ тілін меңгертудің озық үлгісін шебер қолданатындықтарын дәлелдеп шықты.

Әділқазылар алқасына ЖОО-ның ғалымдары, ШҚО «Өрлеу» ОПБАИ-ның  бөлім меңгерушісі, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының әдіскері, ШҚ гуманитарлық колледжінің аға оқытушысы шақырылды.

Оқытушылардың арасынан оза шыққан Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің» оқытушысы Құрманғалиева Гүлнұр облыстық «Үздік оқытушы» байқауының жеңімпазы атанып, республикалық байқауға жолдама алды.

1-орынды Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы Серікбек Назерке, 2-орынды Алтай ауданы әкімдігі «Тілдерді оқыту орталығының» қазақ тілі оқытушысы Карменова Жанар Тұрсынбекқызы, 3-орынды Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің» оқытушысы Абдуллина Алмагүл Маратқызы иеленді.

Байқауға қатысушылар ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі бақармасының арнайы дипломдарымен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Яндекс.Метрика