30914033

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың  26 маусымында мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтің «Ана тілі» газетіне берген сұхбатын насихаттап, түсіндіру мақсатында вебинар өтті.

 Вебинарға облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат және мәдениет, тіл бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты. Шараны ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Роза Әшімқанқызы Төлемісова ашып, мемлекет басшысының берген сұхбатын түсіндіріп берді.

 Вебинарда Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Абдыкаримов Нұржан Оразбекұлы,  Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сулейменова Алтынай Амангелдіқызы Президенттің берген сұхбатында көтерілген көпшілікті толғандырған тіл түйткілі, бүкіл әлемді әбігерге салған індет, мемлекеттік тіл  туралы қадау-қадау мәселелерге байланысты айтылған ойды толығымен қолдайтындарын жеткізді.

 

 

 

 

 

 
Яндекс.Метрика