31946878

2020 жылғы  14 қазан күні ШҚО  тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасы Шығыс Қазақстан лингивистикалық орталығының ұйымдастыруымен  облыстық тілдерді  оқыту  орталықтарының  ағылшын  тілі оқытушыларына арналған «Ағылшын тілін  оқытудағы  интернет-ресурстарын пайдаланудың   өзектілігі» атты  облыстық  онлайн-вебинар   өтті.

Вебинарды Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасының басшысы Төлемісова Роза Әшімханқызы кіріспе сөзімен ашып, оқытушыларға  сәттілік тіледі.

ШҚ лингвистикалық орталығының оқытушысы Карибаева  Анар   Мерсаликовна  «Ағылшын  тілін оқытуда  IT  технологияларын   қолдану  - The use of ICT in teaching English» тақырыбына  баяндама жасап, ағылшын тілін меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Курчатов   қаласының   тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушысы «АКТ - ның  тыңдаушылар арасындағы ағылшын тілін меңгерудегі  рөлі  - Role of ICT in The Enhancement of English Language Skills among the Learners»  атты  баяндама  жасады.

Шара барысында ағылшын тілі оқытушылары  пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар соңында орталықтың атынан қатысушыларға сертификаттар  табысталды.

Яндекс.Метрика