ШҚО тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасының Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен ересек тұрғындарға  латыннегізді   жаңа  әліпби мен   емле  ережесін  меңгертуге арналған  «Жаңа  әліпби сана  жаңғыруы  және  заманауи  қажеттілік»  атты  облыстық онлайн   семинар -  тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтің мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасу бағытындағы жұмыстардың бір саласы қазақ әліпбиін латын графикасын пысықтау.

Семинар-кеңес аясында жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформаға қатысты атқарылған шаралардың қорытындысы, алдағы міндеттер, реформаға қатысты жүзеге асырылған жұмыс нәтижелері сөз болды.

Семинар кеңеске ШҚО тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасының  басшысы  Роза  Әшімханқызы  Төлемісова,  Қазақстан Республикасының Президенті  жанындағы мемлекеттік басқару  Академиясының  ШҚО филиалының   доценті,   филология  ғылымдарының  кандидаты  Айгүл Қауатайқызы  Сейлхан,   Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығының  оқытушы-  тренері  Ләззат  Әскербекқызы  Қайдарова,     сонымен қатар      қала, аудан  тіл оқыту  орталықтарының    қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілері, тіл мамандары қатысты.

Яндекс.Метрика